Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
Халық оқытушысы – Ыбырай Алтынсарин
Құрметті оқырман! Мектеп демалысы кезеңінде біздің кітапханада балаларыңызбен бірге Ыбырай Алтынсариннің шығармаларын оқуды ұсынамыз. Ыбырай Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Әрбір туындысы балалар дүниесіне өте жақын. Әрі педагог, әрі ақын – жазушы Ыбырай Алтынсариннің өз халқының келешегі үшін істеген еңбегі зор.
Абайдың баға жетпес мұрасы
Бүгін біздің кітапханамыздың фонотека бөлімінде шағын - киіз үйдің ашылу салтанаты болды. Шағын - киіз үй қазақи нақышпен безендірілеп және қазіргі заманауи жабдықтармен қамтамассыз етілген: ноутбуктар, дыбысты кітаптар, балалар мен ересектерге арналған музыкаларды іздеу караоке–рингі, интернетке шығуға мүмкіндік алады. Барлық ниет білдірушілер үшін ақпараттық орталық болады деп үміттенеміз.




2017 жылдың 30 қазаны күні ШҚО зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында жастар клубының оқырмандарына Сырбай Мәуленовтың кітабының тұсау кесері өтті. 



