Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
Зағиптар шеберханасы
2017 жылдың 19 қазаны күні «Ана мен бала орталығының» көз микрохирургиялық бөлімінде ШҚО зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітаханасының кітапханашылары балаларға француз тифлопедагогы Валентин Гаюидің туған күні қарсаңында «Зағиптар шеберханасы» атты тақырып бойынша әңгіме жүргізді.
Саусақтарым – менің жанарым
2017 жылдың 12 қазаны күні Брайль жүйесін меңгерген зағип азаматтардың арасында «Саусақтарым – менің жанарым» атты сайыс өткізілді. Жалпы сайыс Ұлы жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жылдығына арналып, оқу сайыстарында жазушының «Қаралы сұлу», «Красавица в трауре», «Сирота» шығармалары алынды.
Ақ таяқ апталығының ашылуы
Жастайымнан жан серігім сенетін,
Тық - тық етіп маған дыбыс беретін.
Екі құлақ жан-жағымда байқаса,
Ақ таяқ қой табан жолды көретін.
Ақ таяқ- бүкіл әлемдегі зағиптардың ең бір айрықша нышаны. Мұндай бағаға өткен ғасырдын -20 жылдары ие болды. Бүгін де ақ таяқ зағип жандардың сүйенетін, бағыт беретін бірден –бір құралы.




2017 жылдың 11 қазаны күні «Ақ таяқ» апталығы шеңберінде дауыстап оқу үйірмесінде зағип мүсінші Лин Поға арналған «Өмір гармониясы» атты портрет кеші өтті.
2017 жылдың 5 қазаны күні «Брайлист» үйірмесінің кезекті сабағы өтті. «Екі лагерь арасында» атты әңгіме орыс жазушысы,ақын, драматург А.К.Толстойдың 200 жылдығына арналды. 



