Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
Служебная этика

2025 жылғы 12 қыркүйек күні сағат 11.00-де кітапханада қызметтік этика мәселелеріне арналған іс-шара өтті.Кездесу барысында қызметкерлер кәсіби мінез-құлық нормаларын, іскерлік қарым-қатынас ережелерін және кәсіби қызметтегі этикалық стандарттарды сақтау қағидаттарын талқылады.Атап айтқанда, ұжым ішіндегі жайлы әрі ізгі атмосфераны сақтау, әріптестер мен оқырмандарға деген құрмет, сондай-ақ әр қызметкердің мекеме имиджі үшін жеке жауапкершілігінің маңыздылығы сияқты мәселелерге ерекше назар аударылды.












