Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Ынтымақ – ел болашағы»

«Ынтымақ күні» қарсаңында кітапханада «Ынтымақ - ел болашағы» (Бірлік - ел болашағы) тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Бірлік пен ынтымақтастық кез келген мемлекеттің дамуы мен тұрақтылығының басты шарты болып табылады.
Іс-шараға эксперт ретінде ШҚО «Ноиндан» корей қауымдастығының ардагерлер кеңесінің төрайымы Павлина Михайловна Пшимбаева шақырылды.
«Қазақтың қара шаңырағы»

Қазақстан Наурызнаманы атап өтуде және мерекелік онкүндіктің төртінші күні «Шаңырақ» деп аталады. Бұл күн отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналады. Қазақ мәдениетінде шаңырақтың қадір-қасиеті айрықша. Ол – әрі аспан күмбезі, әрі үй-жай, әрі тірек, әрі бақуаттылық пен қауіпсіздік және ұрпақтар сабақтастығы.
«Наурыз тойы мереке, салт дәстүрім береке»

Наурыз мейрамы жер бетіндегі ең көне мерекелердің бірі. Оның көктемгі жаңару, бірлік, татулық пен ізгілік мерекесі ретінде тойланып келе жатқанына бес мың жылдан асты. Наурыз Қазақстандағы құнарлылықты, достық пен махаббатты бейнелейді. Мерекенің бүкіл атмосферасы әрбір адамды биік санаға, әдептілікке, адамгершілікке, бауырмалдылыққа сүйіспеншілікке, сүйсінуге, мейірімділікке шақырады. Наурыз мейрамының онкүндігінде 16 наурызда тойланатын қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрі күніне арналған «Защита» кітапхана пунктінде, жылы да көңілді, мейірімді де жарқын мереке «Наурыз тойы мереке, салт- дәстүрім береке» атты әдеби-сазды кеш өтті.
«Жыл басы - Наурыз мерекесі!»

Бүгін кітапханашылар «Жыл басы - Наурыз мерекесі!» мерекелік бағдарламасымен ШҚО Ішкі істер департаментінің полиция қызметкерлерін «Көрісу күні - Амал мерекесімен!» құттықтады. Кездесу ІІД мұражай залында өтті. Оқушылар шығармашылық сарайынан шақырылған қонақтар «Шашумен» іс-шараны ашып, осы қасиетті Рамазан айында Жарапазан әндерін шырқап, ұжымға бақ-береке, бейбітшілік тіледі.









