Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Ұлттық киімнің әдемілігі»

18 наурызда Ұлттық киім күні атап өтіледі.
Ұлттық киім - бұл жай ғана киім емес, ол халықтың мәдениеті мен тарихы, оның дәстүрлері мен өмір салты. Ол ұлттың жарқын «индикаторы» ретінде өткеннің мәдени-рухани мұрасын сақтауға көмектеседі.
Кітапханамызда өткен «Ұлттық киімнің әдемілігі» этнографиялық сағатына № 4 орта мектептің 5 «А» сынып оқушылары қатысты.
«Сен бұл әлемде жалғыз емессің»

Наурыз мерекесінің 10 күнінің әрқайсысы қазақ мәдениеті, қоғам байлығы мен алуан түрлілігін көрсететін белгілі бір тақырып пен құндылықтарға арналған. 15 наурызда Қайырымдылық күні - Мейірімділік күні атап өтіледі. Ол қайырымдылық, мейірімділік және тату көршілік тақырыбына арналған. Бұл күні елімізде көптеген қайырымдылық акциялары өткізіледі.
Туреханова Зауре Айша и Невидимые соседи

Құрметті оқырмандар!
Сіздер үшін жаңа кітаптар.
Туреханова, Зауре. Айша и Невидимые соседи: повесть в жанре урбан фэнтези. – Алматы: Дәуір, 2024 – 192 с.
Зауре Туреханова - балалар жазушысы және сценарист. Оның қазақ мифологиясымен шабыттанған кітаптары тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымалдыққа ие болды. «Алтын қалам» және «Алтын тобылғы» атты беделді байқаулардың лауреаты Зауре балалар үшін аңыздарды тірілтіп, ғажайып әлемдер жасайды.










