Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Жемқорлық індет – жою міндет»

Защита ауданында «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің оқу-өндірістік кәсіпорны қызметкерлері арасында азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру мақсатында 6 ақпан күні сағат 11.00-де «Жемқорлық індет – жою міндет» (сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы) тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.












