Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«SHYGYS BOOK FEST»
«SHYGYS BOOK FEST» кітап фестивалінің ортасында кітапхана қызметкерлері мен «ҚЗҚ» ҚБ және «Самғау» МДО мүшелері басты сахнада мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен «Шекарасыз шығармашылық» атты қызықты концерттік бағдарлама ұсынды. Олар өздерінің шеберліктерін көрсетіп, әуезді әндерімен халықты бір серпілтіп тастады!
«SHYGYS BOOK FEST»
Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына кітапханада бедерлі-нүктелі қаріппен шығарған «Шабыттың алты нүктесі» атты «ерекше» әдебиетке шолу ұсынылды. Луи Брайль әліпбиін білмей «ерекше» әдебиетті оқу мүмкін емес. Барлық тілек білдірушілер үшін «Маған оқуды үйретіңіз» атты шеберлік сағаты көрсетілді. Шеберлік сағатында қатысушылар ерекше жазуға үлкен қызығушылық танытты. Олар зағиптарға арналған әліппемен ешқашан бетпе-бет келген емес, бедерлі нүктелері бар кітаптарды ешқашан көрген емес.





Кітапхана алаңында «Шексіз мүмкіндіктер әлемі» атты қолданбалы шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды. Мұнда біздің ерекше оқырмандарымыздың бірегей еңбектері ұсынылды, олардың әрбір бұйымы ерекше ықыласпен жасалған.




