Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Менің отбасым - менің байлығым!»

Қазақстанда Отбасы күні қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтіледі. Мерекенің басты идеясы-біздің дәстүрлі отбасылық құндылықтарымызды еске түсіру. Шын мәнінде әр адам үшін отбасы - бұл тыныш пен түсіністік, сізді жақсы көретін және күтетін сенімді айлақ. Біздің кітапхана қызметкері №36 орта мектептің 5в сынып оқушыларына барып, «Менің отбасым - менің байлығым!» атты ақпараттық сағат өткізді.
Дауыстап оқу үйірмесі

Дауыстап оқу үйірмесі - барлығына бірдей әдеби шығармалар қолжетімді болатын орын. Кітапханамыздағы үйірмеміздің кезекті отырысы «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында Бердібек Соқпақбаев шығармашылығына арналды. Клуб мүшелері «Менің атым Қожа» шығармасын тыңдап, талқылады. Дауыстап оқу барысында мәтінді ұлғайтқыш құрал «Топаз» қолданылды.
Үйде қызмет көрсету
Оқырмандардың әртүрлі санаттарына деген толерантты және құрметті қатынастарды орнату - кітапхананың ұсына алатын басты нәрселері болып табылады. Оларға көмек беруге, қолдауға, кеңес беруге әрқашан дайын болу. Зағип оқырмандармен үйде жұмыс істеу басты мәселе болып табылады. Көру қабілеттерінен айырылған адамдар, әсіресе егде жастағы адамдар үшін басқалармен тікелей байланыс жасап отыру өте маңызды.










