Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Литературное чтение»
Көпшілігіміз үшін кітап мәтіні бар беттер жиынтығы ғана, ал зағип жандар үшін бұл кітап тактильді сезімдер мен қиялдың таңғажайып әрекеттестігіне айналады.
Белсенді оқырманымыз Роман Бояринов Луи Брайльдің бедерлі-нүктелі қаріпімен «Литературное чтение» журналының жаңа басылымын оқуды таңдады, оған Б. Васильевтің «Невостребованный» және А.Тарнның «Номерки на веревочках» сияқты шығармалары кіреді.
«Ата заңым - асыл заңым, қуатым!»

Конституция Күні қарсаңында кітапханада «Ата заңым - асыл заңым, қуатым!» атты іс-шара Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығымен бірлесе өткізілді. Іс-шара Қазақстан азаматтары арасындағы патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті, ел тарихына деген қызығушылықты дамытуға және Конституцияға деген мақтаныш пен құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталған.
«Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығы»

Дауыстап бірге оқу клубы - бұл сіздің сүйікті кітаптарыңызды тыңдау, жаңа басылымдармен танысу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар қарым-қатынас орнату! Бұл оқыған шығармалары туралы өз ойлары мен әсерлерімен бөлісуге дайын адамдар қауымдастығы. Арнайы кітапхана «Дауыстап бірге оқу!» клубында кітапхана оқырмандарымен кезекті кездесу өткізді.
«Шексіз кітапхана: заманауи социумдағы арнайы кітапхана»

«Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азматтардың арнаулы кітапханасы» КММ, 22-тамыз күні «Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы» КММ ұйымдастырған «Шексіз кітапхана: заманауи социумдағы арнайы кітапхана» семинарына қатысты.




Конституция күні және Өскемен қаласы күніне арналған Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы солисттерінің орындауындағы «Өскеменім» жаңа әнінің премьерасы.



