Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
Құрметті оқырмандар мен қала қонақтары!
Құрметті оқырмандар мен қала қонақтары!
Сіздерді 01 шілде күні сағ. 11.00-де өтетін кітапханамыздың 55-жылдық Мерейтойына шақырамыз!
Мекенжайымыз: Новаторлар к., 11/1.
Тел.: 8(7232)245424
87054171346
Инклюзивный театр «Взгляд»

2024 жылғы 19 маусымда кітапхана негізінде Станислав Цихтың жетекшілігімен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған «Взгляд» инклюзивті театры өзінің алғашқы туған күнін атап өтті. Мерекелік бағдарлама барысында шақырылған қонақтардан жылы лебіздер мен құттықтаулар айтылды. Театр актерлері мен мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысуымен қойылған «Біз өмір сүреміз!» композициясы барлық көрермендерді арманға сенуге үйретті. «Біз өмір сүреміз!» фестивалінің лауреаттары - Данила Дробышевтің, Есения Канталинскаяның, Татьяна Калабухованың және мереке қонағы Елена Шишаеваның орындауында әуенді әндер шырқалды.





Биыл біз Ұлы Отан соғысының ардагері, Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойын атап өтудеміз, Ол 1945 жылдың 30 сәуірінде Рейхстагқа шабуыл жасау кезінде қатардағы жауынгер Г.Булатовпен бірге Рейхстаг ғимаратында қызыл туды бірінші болып көтерген болатын.
Арнаулы кітапхананың Защита кітапханалық пунктінде, Халық жазушысы, аудармашы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҰОС қатысушысы Ә. Қ. Нұрпейісовтің 100 жылдығына орай, «Теңіздей толқыған қаламгер» атты еске алу сағаты өткізілді.



