Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Жошы ˗ тұлға, кезең, естелік»
2024 жылдың 18 маусым күні арнайы кітапханада Жошы ұлысының құрылуына 800 жыл толуына байланысты «Жошы ˗ тұлға, кезең, естелік» атты тарих сағаты өтті. Бұл сағатта оқырмандарға Жошы ханның өмірі мен жетістіктері, Алтын Орда мен Жошы ұлысының құрылуы баяндалып, тақырыпқа сай бейнежазбалар көрсетілді.
ШОУДАУН (Showdown)

ШОУДАУН (Showdown) - бастапқыда зағип адамдар үшін ойластырылған және үстел теннисі мен аэрохоккейдің элементтерін үйлестіретін үстел ойыны. «Шоудаунда» бүкіл әлем дерлік ойнайды. Ресей, Дания, Германия, Франция, Италия, АҚШ, Канада және т.б. елдердегі зағип мүгедектер бос уақытын осы тамаша спорттық ойынға арнайды.




2024 жылдың 14 маусымы күні арнаулы кітапхана қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында кітапхана территориясына гүл отырғызу шарасын өткізді.
11 маусымда арнайы кітапхананың оқу залында «Әке болу – сый және парыз» атты кітап көрмесінің тұсаукесері өтті. Кітап көрмесіне қазақ және орыс классиктерінің кітаптары қойылды. Қазақ әдебиетінің кез-келген шығармаларын алып қарасақ та ондағы әкенің алатын орны ерекше, салмақты.



