Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Балалар - біздің болашағымыз»

Балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында арнайы кітапханада «Балалар – біздің болашағымыз» атты мерекелік ойын бағдарламасы өтті. Мерекелік шараға, зағип және көзі нашар көретін балаларға арналған №19 қосымша білім беру мектеп-орталығының тәрбиеленушілері, сондай-ақ арбадағы мүгедек балалар келді.
«Дәуірдің қайғылы ескерткіші»

Екі бірдей төңкеріс, екі бірдей алапат аштық, азаматтық соғыс пен ұлт қаймақтарын қидай сыпырған саяси-қуғын сүргіндер қазақ халқын сандық, сапалық тұрғыдан аса ауыр зардапқа душар етті. Бұл зұлмат салдары күні бүгінге дейін нақты емес. Өткенін ұмытқан ұлттың болашағы да жоқ. Сондықтан мамырдың 31-і күні Қазақстанның түкпір-түкпірінде қуғын-сүргін құрбандары еске алынып, түрлі іс-шаралар өткізіледі.
«Гүлдер ертегісі»
16 мамырда Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Арнайы қызметтерді көрсету орталығының» балалары арнайы кітапханаға келді. «Гүлдер» тақырыбындағы ертегі терапиясы А. Залещуктың «Гүлдер ертегісі» авторлық шығармасы арқылы ұсынылды. Балалар ертегіні мұқият тыңдап, өздері білетін гүлдердің аттарын атады, жасырылған жұмбақтардың шешімдерін тапты. Әрі қарай «Досты тап» ойынын ойнады. Балалар аналарына арнап гүлдердің аппликацияларын жасады.




Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!
15 мамырда кітапхананың оқу залында «Ең басты сөз - отбасы» атты кітап көрмесінің тұсаукесері өтті. Бұл көрме Халықаралық отбасы күніне арналған. Отбасы күні БҰҰ арқасында пайда болып, 1994 жылы бекітіліп, 15 мамыр күні атап өтіледі деп шешілген.



