Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
Поэзия Восточного Казахстана

Көктемнің жарқын күні 19 сәуірде фонотека бөлімінде ШҚО өнер мұражайының қызметкерлері Л. Мартынова, Е. Нахдубай, А. Турдыева, П. Ибраева және «Ақ жүрек» поэзия сүйер клубының бірлескен отырысы өтті, Кездесу Шығыс Қазақстан поэзиясына арналды. Қуатты тау жоталары мен шексіз далалар ұштасқан Шығыс Қазақстанның әдемі кеңістігінде дәстүрге бай поэзия пайда болды.
«Дойбы тақтасындағы саяхатқа»

2024 жылдың 18 сәуірі күні сағат 15.00 «Дойбының сиқырлы әлемі» тәжірибелік-бағдарлы жобасы аясында «№14 көзі нашар көретін балаларға арналған мектеп-балабақша кешенінің» 3-4 сынып оқушылары арасында дойбы ойынын оқыту сабағы өтті. Дойбы фигураларындағы «сиқырлы сандар» қарапайым емес, оларда оқушылар тапқыр жауап бере алатын күрделі сұрақтар бар.
«Рақымжан Қошқарбаев: ерлік хикаясы»

«Защита» кітапханалық пунктінде Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған «Рақымжан Қошқарбаев: ерлік хикаясы» атты ерлік сағаты өтті. Рахымжан Қошқарбаев – Ұлы Отан соғысына қатысушы, Қызыл Армия офицері, Қазақстанның Халық Қаһарманы. Оған «Халық Қаһарманы» атағы қайтыс болғаннан кейін берілді.
Сказкотерапия «Мышка и ее друзья»
Бүгін ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Өскемен қаласының балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан» ерекше балалар кітапхананың қонақтары болды. Олар үшін белгілі балалар жазушысы С.Я. Маршактың «Ақымақ тышқан туралы ертегі» атты ертегі терапиясы өткізілді.
Сағадат Нурмағамбетов
Облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында Кеңес Одағының батыры, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетовты еске алу сағаты өтті. Іс-шара барысында оқырмандарға батырымыздың өмірбаяны, ұмытылмас ерліктері, қазақ халқына сіңірген еңбегі туралы ақпарат берілді, еліміздің мақтанышы Сағдат Қожахметұлы туралы бейнематериал көрсетіліп, кітап көрмесіне шолу жасалып, ақпарат берілді.
Тағы мақалалар...
- «Жоғары қалалық бастауыш училищесі, 1886 жыл»
- «Мәңгілік махаббат»
- «Кинотеатр «Мир», ХХ ғасырдың 50-жылдары»
- «Энергетиктер мәдениет үйі («Алтайэнерго»), ХХ ғасырдың 50-жылдары»
- «Біз өмір сүреміз!»
- «БІЗ Өмір сүреміз!» III ХАЛЫҚТЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
- «Театр - ғажайыптар мекені»
- «Кітапхананың таза ауласы!»








