Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Жоғары қалалық бастауыш училищесі, 1886 жыл»

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы, «Киелі мекен» апталығы аясында «ШҚО зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы» КММ қызметкерлері Бейбітшілік көшесі, 29 мекен-жайы бойынша орналасқан «Жоғары қалалық бастауыш училищесі, 1886 жыл» ескерткішінің жанында сенбілік өткізді.
«Мәңгілік махаббат»
Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу - ғашықтар күніне арналған «Мәңгілік махаббат» атты лирикалық кеш өткізілді. Бұл мереке XIII-XIV ғасырлардағы қазақ эпосының кейіпкерлері - Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлуға арналған. Қосыла алмаған жас жігіт пен сұлу қыздың ғажап махаббат тарихын ата-бабаларымыз ауыздан-ауызға жеткізген. Қазақ әдебиетінде екі ғашық туралы поэма ең көне және кең таралған поэмалардың бірі болып саналады.
«Кинотеатр «Мир», ХХ ғасырдың 50-жылдары»
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында «ШҚО зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы» КММ қызметкерлері Кабанбай батыр көшесі, 51 мекен-жайы бойынша орналасқан «Кинотеатр «Мир», ХХ ғасырдың 50-жылдары» ескерткішінің жанында сенбілік өткізді.
«Энергетиктер мәдениет үйі («Алтайэнерго»), ХХ ғасырдың 50-жылдары»

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында «ШҚО зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы» КММ қызметкерлері Бажов көшесі, 67 мекенжайы бойынша орналасқан «Энергетиктер мәдениет үйі («Алтайэнерго»), ХХ ғасырдың 50-жылдары» ескерткішінің жанында сенбілік өткізді.




Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының базасында алғаш рет дарынды зағип режиссер Станислав Цихтің жетекшілігімен «Біз өмір сүреміз!» атты ІІІ халықтық қайырымдылық фестивалінің салтанатты ашылуы өтті.



