Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Песни афганской войны»
Әскерлердің Ауғанстаннан шығарылуының 35 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ауған соғысы әндері» атты әдеби-әуенді композицияға Ауған соғысының ардагерлері А. В. Долгов пен С. К. Қадыров қатысты. Шара барысында ардагерлер табандылық және ерлікпен өз міндеттерін атқарғандығы туралы әңгімеледі.
Анна Адлер
2 февраля 2024 года исполнилось 168 лет со дня рождения Анны Адлер.
Вся жизнь этой удивительной женщины была посвящена просветительской и педагогической работе. Она была активным участником различных благотворительных обществ, помогала во время голода в Самарской и Уфимской губерниях, по ее инициативе была открыта первая народная читальня в Стерлитамакском уезде. Но основные ее усилия были направлены на изменение положения людей с ограниченными возможностями. На протяжении 45 лет она делала всё, чтобы незрячие получили возможность стать полноценными членами общества.
Обучающие курсы
Л.Брайль жүйесі арқылы оқу және жазу дағдыларын меңгеру бойынша оқыту курстары жалғасуда. Алты нүктелік жүйемен алғаш рет кездескен жас кітапхана оқырманы әріптерді оңай жаттау үшін өзіне схема құрастырды. Бірінші сабақта ол кішкентай брайль ұяшығын шарлауды үйренді, әр жолға нүктелерді еркін тесіп шықты.




«Қайталау – білімнің анасы» дейді халық даналығы. Арнайы бейімделген дойбы тақталарында дойбы ойнау дағдыларын үйрету бойынша келесі сабақ қарапайым дойбы мен зағип адамдарға арналған дойбы арасындағы негізгі айырмашылықтарға арналды.
Арнаулы кітапхана халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» акциясын өткізді. Іс-шараның мақсаты – қоғамда мемлекеттік қызметтің оң имиджін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.



