ІС-ШАРАЛАР

Құрметті пайдаланушы!

Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.

Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.

Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.

«Жүректерді бағындырған дала үні»

Размер шрифта

2212202321 желтоқсанда «Защита» кітапханалық пунктінде қазақ ұлттық театр өнерінің негізін салушы, актер, әнші Әміре Қашаубаевтың туғанына 135 жыл толуына орай «Жүректерді бағындырған дала үні» атты шара өтті. Кездесу барысында оқырмандар ұлы әншінің өмірі мен шығармашылығымен таныстырылып, тифлотүсіндірмесі бар бейнефильм көрсетілді.

Фото

«Болашаққа ұмтылған Қазақстан»

Размер шрифта

1512202314 желтоқсан күні, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні қарсаңында «Болашаққа ұмтылған Қазақстан» атты шара өтті. Бағдарламада «Шабыт» жастар театрының 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы тақырыбында сахналанған қойылымы тамашаланды. Жүргізушілер республикамыздың қалыптасу кезеңдері, ерлік пен жанқиярлықтың үлгісіне айналған тұлғалар туралы әңгімеледі. Тәуелсіздік жолында жанын қиған батырлар бір минут үнсіздікпен еске алынды. Сол ерлік күндердің деректі кадрлары бар бейнекөрініс көрсетілді. Шараға қатысушылар әсерлі өлеңдер оқып, патриоттық әндер шырқады.

Фото

«Мүгедектерге арналған технологиялар»

Размер шрифта

16122023Арнайы кітапхана қызметкері Денис Ишунин «Мүгедектерге арналған технологиялар» апталық айдарында, жиналғандарды «Алты нүкте» журналындағы «Соқыр адамдардың көруін қалпына келтірудің жаңа технологиялары» және «Зағиптар мен көзі нашар көретіндерге арналған бес технология» (ақылды сағаттар, бағыттаушы білезік, соқыр-саңырау-мылқауларға арналған Vision тіл құрылғысы) тақырыптарындағы мақалалармен таныстырды.

Фото

Государственный фонд социального страхования

Размер шрифта

1212202311 желтоқсанда кітапханамызда әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Н.Қыстаубаевпен кездесу өтті. Әңгімелесу барысында қордың жұмысы мен қазақстандықтардың құқықтары туралы кеңінен әңгімеленіп, қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.

Фото

«Рухани қазына – 2023»

Размер шрифта

08112202327 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Астана қаласында мәдениет және өнер саласындағы ұйымдар мен қызметкерлердің жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Рухани қазына - 2023» фестивалі өтті. Республикалық фестиваль бірнеше кезеңнен тұрды. Байқаудың алғашқы күндерінде мәдениет қайраткерлері музей, кітапхана, мәдени-демалыс саласы бойынша өзара сайысқа түсті. Қазылар алқасына кітапхана саласы бойынша 78 өтінім келіп түскен. Кітапханашыларға арналған іс-шаралар Ұлттық академиялық кітапханада өтті.

Толығырақ...

zadat vopros kaz
poslanie prez kaz

Мақта қыз бен мысық

 

makta

ПАРАСАТ ЖОЛЫ

parasat

ОҚЫРМАНДАРЫМЫЗДЫҢ СҮЙІКТІ КІТАПТАРЫ

knigi2022