Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
Паралимпиада

Паралимпиада – мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Олимпиада, қысқы және жазғы спорт түрлерінен жарыстардың баламасы.Бұл атау медициналық терминнен шыққан, аудармада адамның аяқ-қолдарының сал ауруымен ауыратындығын білдіреді. SuperBrailist клубы шеңберіндегі өткен ерік-жігері күшті адамдар, спортшы - паралимпиадашыларға арналған сабақ,
«Глаукому прогоняем»
Арнайы кітапхана қызметкері Д. Ишуниннің көру қабілеті нашар оқырмандар үшін жүргізетін апта сайынғы оқуларының бүгінгі тақырыбы «РБНСГ – ВЕСТИ» журналының №3 санындағы «Біз глаукоманы кетіреміз» мақаласына арналды. Өздеріңіз білетіндей, глаукома - егде жастағы адамдар үшін жиі кездесетін мәселелердің бірі. Егер ауру уақытында анықталса, алдын алу шаралары көзішілік қысымды қалыпқа келтіру үшін жеткілікті болады. Мұнда, әдеттегідей, табиғат көмекке келеді. Көздің ішкі қысымын төмендететін және зат алмасуды жақсартатын көптеген өсімдік шөптер бар. Денис Викторович тыңдаушылар назарына емдік рецепттер мен ұсыныстарды таныстырды.
Шахматный турнир
23-30 қараша аралығында Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар арасында шахматтан турнир өтті. Турнирге көру, есту және тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшылар қатысты. Қатысушылар арасында Қазақстанның әр өңірінен 45 ер және 17 әйел адам болды. Біздің жерлесіміз әрі кітапхана оқырманы Р. А. Бояринов 3 орынға ие болды. Барлық спортшылар медаль, кубок және мақтау қағаздарымен марапатталды. Біз Роман Александровичті құттықтаймыз және оған алдағы уақытта да жеңістер тілейміз.
«Сиқырлы дойбы әлемі»

«Сиқырлы дойбы әлемі» – сұранысқа ие, инклюзивті танымал жоба, оның арқасында көзі нашар көретін балаларға арналған №14 мектеп-балабақша кешенінің үшінші және төртінші сынып оқушылары дойбы ойынының қыр-сырын меңгереді, ақыл-ой қабілеттерін дамытады және оларды ойын арқылы қоғамға бейімдейді. Өйткені, бұл денсаулыққа қатысты проблемаларға қарамастан барлық балалар ойнай алатын әмбебап ойын. Халықаралық мүгедектер күніне арналған сабақ-көрмей-де, ести де алмайтын ғажайып тұлға, әлемдік деңгейде танымал тұлғаға айналған Хелен Келлердің өмір тарихынан басталды. Балалар алақандарына әріптердің суреттерін салу арқылы бір-біріне «әріптерді берді». Міне, осылайша мұғалім Хелен Келлер қызға оқу мен жазуды үйретті. Осындай жаттығулардан соң теория мен білімді практикада бекітуді бастадық. Балалар өздерінің сүйікті ойынын ойнау үшін «сиқырлы дойбылармен» кездесуді асыға күтеді.




ШҚО «Зорлық - зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында арнаулы кітапханада «Қатыгездік пен зорлық: оларға қалай қарсы тұру керек?» атты әңгімелесу – ескерту шарасы өтті.



