Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Балалардан балаларға»

27 қазан күні сағат 11.00-де ШҚО зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында «Балалардан балаларға» аудиожобасының тұсаукесері өтті. Бұл жоба жақында құрылды және қазірдің өзінде танымал бола бастады. Жобаның бастамашысы ретінде Ресей Федерациясының Вице-консулы Александр Андреевич Дяченко шараға қатысты.
«Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам!»
2023 жылдың 26 қазаны ШҚО білім басқармасының «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Ақ ниет» мектеп-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесінде - ерекше күн болды. Аз ғана өмір сүрсе де, қазақтың басына күн болуды армандаған ақындарымыздың бірі - Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 28-қазан күні туғанына 130 жыл толуына орай, «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам!» атты поэтикалық этюд шарасы өткізілді.
«Махамбет - даланың дауылпаз жыршысы»
Арнайы кітапхананың Защита кітапханалық пунктінде шаруалар қозғалысының қайраткері және ақын Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына орай «Махамбет - даланың дауылпаз жыршысы» ақпараттық сағаты өтті. Махамбеттің рухты сөздері жүздеген көтерілісшілерді соңынан ертіп шығатындай күшке ие еді. Реалистік өлеңдері қазақ халқының таптық күресін сипаттайды және осы ғажайып адамның қиын тағдырына байланысты жазылған. Кітапхана оқырмандары рухты ақынымыздың өмірі және өлеңдерімен танысты.




Дойбы - ең танымал және сүйікті интеллектуалды ойындардың бірі, тіпті кішкентай балалар да ойнайды. Нашар көретін балаларға арналған № 14 мектеп-балабақша кешенінің оқушылары жай ойнап қана қоймай, барлық ережелерге сәйкес дойбы жекпе-жегінің негіздерін меңгереді.
Елдік пен егемендіктің мерекесі - Республика күні құтты болсын!



