Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
День библиотекаря
Арнайы кітапханада Кітапханашылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. 2022 жылы кәсіби мерекелер күнтізбесінде пайда болған мереке - кітапханашы мамандығы қоғамда сұранысқа ие екендігінің дәлелі. Кітапхана директоры Б. Уябаева кітапханашыларды кәсіби мерекемен құттықтап, шығармашылық табыстар тіледі, сондай-ақ кітапханашылар Назым Көбенова мен Күлжанат Чедериноваға «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісі табысталды. Қызмет көрсету секторының кітапханашысы Ишунин Денис әуезді ән арқылы өз құттықтауын жеткізді.
Встреча с активными членами КОС

Бүгін арнайы кітапхананың Защита кітапханалық пунктінде Республика күні қарсаңында, Қазақ зағиптар қоғамының белсенді мүшелерімен кездесу өтті. Еліміздің ұлттық мерекесінде ҚЗҚ мүшелері мен қонақтар әңгімелесіп, шешілмей жүрген сұрақтарымен бөлісіп, сол сұрақтарына қанағаттандыратындай жауаптар алып, сүйікті әндерін шырқап, би биледі. Кездесу жылы, әрі ерекше болды.
«Кітапханашылар күні»
Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы мамандары 20 қазан күні Астана қаласындағы «Қазмедиа орталығы» ғимаратында өткен «Кітапханашылар күніне» арналған мерекелік шараға қатысты. Шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырды. Онда еліміздің оннан астам облыстарының кітапханалары өз жетістіктерін көрсетті: Абай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, т. б.
Флэшмоб «Менің туған жерім-Қазақстан!»
Республика күніне орай, Шығыс Қазақстан арнаулы кітапханасы Республикамыздың арнаулы кітапханалары арасында «Менің туған жерім-Қазақстан!» атты флэшмобты бастады. Эстафета Семей қаласының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасына беріледі.
С Днем Республики!
Елдік пен егемендіктің мерекесі - Республика күні құтты болсын!








