Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Брайлистер, алға!»
Ақ таяқ апталығы аясында Луи Брайль жүйесі бойынша оқу мен жазу бойынша «Брайлистер, алға!» сайысы өтті. Сайыс тапсырмаларын орындауда қатысушылар Брайль қарпін меңгерудегі шеберліктерін көрсетті. Шара соңында жеңімпаздар мен барлық қатысушылар грамота және сыйлықтармен марапатталды. Зағип жандарға демеушілік көмек көрсеткені үшін «Макивис» ЖШС директоры С. Е. Соколоваға алғыс білдіреміз.





Көзі нашар көретін балаларға арналған №14 мектеп-балабақша кешенінде 3-4 сынып оқушылары алғаш рет «Сиқырлы дойбы» әлемімен танысты. Арнайы кітапхана қызметкерлері бастауыш мектеп оқушыларына зағип жандарға арналған арнайы дойбыны көрсетті.
2023 жыл атаулы күндерге бай. Осындай атаулы мерейтойлардың бірі – зағип ақын Эдуард Аркадьевич Асадовтың 100 жылдық мерейтойы. Осы атаулы күнге орай арнайы кітапханада бедерлі - нүктелі және үлкейтілген қаріппен жарық көрген «Когда стихи улыбаются» жыр жинағының тұсаукесері өтті.




