Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Бір өзен жағасындағы кітапханалар»
Павлодар облыстық арнаулы кітапханасымен бірлескен, «Бір өзен жағасындағы кітапханалар» серіктестік жобасы аясында «Бір өзен жағасындағы кітапханалардың қайта жаңғыруы» атты әдістемелік онлайн сағат шарасы өтті.
Қала тарихындағы қызықты фактілер, аңыздар, көрнекі жерлермен танысу мақсатында жасалған «Қалаға саяхат» (Tour of the city) өлкетанулық онлайн квест ерекше қызығушылыққа ие болды.
«Саусақ ұшындағы әлем»
Шығыс Қазақстан облыстық арнаулы кітапхана базасында Қазақ зағиптар қоғамының кезектен тыс облыстық конференциясы өтті. Кітапхана қызметкерлері конференция қатысушыларына «Саусақ ұшындағы әлем» кітап көрмесін ұйымдастырып, Луи Брайльдің бедерлі-нүктелі қаріпінде басып шығарылған соңғы кітаптарын таныстырды.
«Ауғаныстан: өмірдің ыстық секундтары»

Өткенін қастерлеген өседі, - деген дана халқымыз. Жылма жыл ақпан айының ортасында біз Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз. Арнаулы кітапхана қалалық №35 орта мектептің әкімшілігімен ынтымақтастық аясында 8, 10 - сынып оқушыларына «Ауғаныстан: өмірдің ыстық секундтары» атты шарасын өткізді.
«Динозавры – ужасные ящеры»

Кітапханамыздың зағип және көзі нашар көретін оқырмандары ШҚО архитектуралық-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығы ұйымдастырған, Ильшат Искаковтың «Динозавры – ужасные ящеры» атты скульптуралық миниатюра және графикалық жұмыстарымен танысты.









