Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
Асқар Алтай
Қазіргі қазақ әдебиетінде өзінің биік те көркем прозасымен жарқырай көрініп, терең із қалдырып отырған, бірнеше Халықаралық сыйлықтардың лауреаты атанып, халқымыздың рухани құндылықтарын арттыруға атсалысып жүрген прозаиктарымыздың бірі - Асқар Алтай. Арнаулы кітапханада жазушының әңгімелер жинағы бедерлі-нүктелі қаріпте басылып шықты.
«Ай, да МЫ!»
Кітапханамызда «Ай, да МЫ!» хобби — студиясы құрылды. Алғашқы сабақта қатысушылар қолөнер түрлері және ерекшеліктерімен танысты. Әр қатысушылар өздерінің қызығушылықтарын баяндап, қолөнер туралы газет-журналдарды тамашалады.
«Бастеньки»

ШҚО архитектуралық-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражайдағы Яковлев Александр Андреевич жетекшілік ететін «Бастеньки» фольклорлық-этнографиялық ансамблі зағиптар мен көзі нашар көретін жандарға ерекше әсерлі концерттік кеш сыйлады.
«Шире круг»
ШҚО мәдениет басқармасы ұйымдарының өзара серіктестігі негізінде, ШҚО тарихи — өлкетану мұражайымен жаңа «Шире круг» серіктестік жобасы басталды. Зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтар туған өлкеміздің ұлы тарихи мұраларымен танысу үшін «Алтын залдарға» саяхат жасап, қола дәуіріндегі Шілікті, Катон-Қарағай, Тарбағайдағы ежелгі қорғандармен танысты.









