Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Особое мнение»
По инициативе Президента РК Касым-Жомарта Токаева 2023 год объявлен годом «Русского языка в СНГ». В необычном игровом формате Восточно-Казахстанская областная специальная библиотека для незрячих и слабовидящих граждан провела интеллектуальную игру «Особое мнение», посвященную этому событию.
«Бір ел – бір кітап»
Биылғы жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында оқырман қауымға драматург, қоғам қайраткері, қазақ әдебиетіне философиялық проза жанрын ала келген белгілі жазушы Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу ұсынылды. Кітапханамыз ерекше оқырмандарының қажеттіліктерін ескеріп, жазушының «Парасат майданы» романын бедерлі-нүктелі қаріпте шығарды.




ТМД елдеріндегі орыс тілі жылы аясында кітапханамызда «Әуенмен үлескен орыс тілі!» атты шара өтті. Оқырмандарға орыс тілі хрестоматиясы, энциклопедиялары, сөздіктер, қолөнер және тактильді бұйымдардан құралған кітап көрмесі ұсынылды.
2023 жылғы «Даналық» белсенді өмір сүру орталығының алғашқы отырысы «Өмір сүруге көмектесетін кітаптар» тақырыбына арналды.
Жаңа жылдық каникулдан кейін №14 нашар көретін балаларға арналған балабақша – мектептегі дойбы үйрету сабақтары жалғасты. Сабақ қиялды жетілдіру және сезіну жаттығуларымен басталды.



