Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
Обзор новинок

Назар аударыңыз! Кітапханамыздың оқу залында апта сайын офтальмологиялық жаңалықтарға шолу жасалады! Бүгін «Алты нүкте» журналынан «Новые технологии помогут вернуть зрение полностью слепым людям» атты мақаласы дауыстап оқылды. Мақалада Ресей ғалымдарының көз жанарын қалпына келтіруге көмек беретін миға арналған имплантпен сынақ жүргізілгені туралы жазылған.
«Теңге туралы сөз»

15 қараша – Ұлттық валюта күніне орай кітапханамызда «Теңге туралы сөз» атты қаржылық гид шарасы өтті. Шара барысында теңгенің шығу тарихы, қорғаныс деңгейлері баяндалды. Қатысушылар тақырыптық әдеби шолу арқылы теңге тарихындағы қызықты фактілермен танысты.




3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күні қарсаңында кітапхана мамандары «От милосердия к доброте» атты акциясын өткізді.
Кітапханамыздың оқырмандары аты аңызға айналған хан Абылай туралы түрлі экспонаттар кездесетін, Қазақстанның ең ғажайып мұражайы – «Абылай хан резиденциясына» тифло-бейне саяхат жасады.




