Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Ахмет Байтұрсынұлы – дәуірдің дара тұлғасы»
Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 2022 жылдың 7 қыркүйегінде қазақтың біртуар тұлғасы А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді. Бұл шараға арнаулы кітапхана мамандары да қатысып, «Ахмет Байтұрсынұлы – дәуірдің дара тұлғасы» атты диктант жазды. Шараның мақсаты мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру және қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту болып табылады.
«Инклюзивті қоғам қалыптастырудағы кітапханалардың даму тенденциясы»
Мүгедектігі бар адамдарға кітапханалық қызмет көрсету бойынша кәсіби сұрақтарды талқылау мақсатында Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханасында өтіп жатқан, «Инклюзивті қоғам қалыптастырудағы кітапханалардың даму тенденциясы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда кітапханамыздың директоры Кадырова Гульнар Казыгаевна стендтік баяндама жасады.
«Мемлекеттік тіл: бүгіні мен болашағы»
Бүгінгі күн «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Яғни, 5 қыркүйек барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тілдер мерекесін тойлайды. Осыған орай біздің кітапханамызда «Мемлекеттік тіл: бүгіні мен болашағы» атты дөңгелек үстел шарасы өтті.
«День знаний, мечтаний и дерзаний!»
День знаний - это всегда добрый, шумный и беззаботный праздник, который отмечается с особой торжественностью. И, конечно, библиотеки не остаются в стороне. Передвижная выставка - совет «День знаний, мечтаний и дерзаний!» представила подборку книг с весёлыми школьными историями, энциклопедии из разных областей знаний, журналы и газеты, которые сделают процесс обучения нескучным и интересным.









