Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
Послание Президента народу Казахстана

Бүгін кітапхана ұжымы мен оқырмандары Президент Қасым–Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында Жариялаған Қазақстан Халқына Жолдауын тыңдады. Жолдауда мемлекетіміздің алдағы басты бағыт бағдарлары айқындалып, әділетті Қазақстанды құру жолы талқыланды.
«Мұхтар Әуезовті оқимыз!» (Мұхтар Әуезовтің 125 – жылдығына арналған)

Құрметті достар!
ШҚО зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы Сіздерді зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтарға арналған кітапханалар арасында өтетін, «Мұхтар Әуезовті оқимыз!» (Мұхтар Әуезовтің 125 – жылдығына арналған) атты «Абай жолы» романынан Л. Брайль жүйесі бойынша мәнерлеп оқудың республикалық сайысына қатысуға шақырады.
«Заңдылық пен егемендіктің кепілі»
«Кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығында» өткен кезекті кездесуімізде ҚР Конституциясы күніне арналған «Заңдылық пен егемендіктің кепілі» атты шара өтті. Кітапхана қызметкерлері еліміздің барлық азаматтарының тату-тәтті өмір сүруіне, еңбек етуіне және демалуына мүмкіндік беретін негізгі заңның құрылу тарихы, оның маңыздылығы, ережелер мен міндеттер жиынтығы туралы айтып берді.










