Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Достығы жарасқан, бақытты ел-Қазақстан»
Қазақтың байтақ даласы бүгінде 150-ден астам ұлт өкілдеріне ортақ Отан болып саналады. Сондықтан «Қазақстан халықтарының бірлігі күні» еліміз үшін маңызды мереке болып қала береді. Бұл мерекеде бір-біріне деген құрметті білдірудің бір жолы – құттықтау. 1-Мамыр мерекесі қарсаңында «Достығы жарасқан, бақытты ел-Қазақстан» атты достық шеруі өтті.
«Будущее со знаком +»
Халықаралық мүгедектер құқығын қорғау күні қарсаңында ШҚО зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы оқырмандары үшін «Будущее со знаком +» атты ақпараттық брифинг шарасы өтті. Шараға ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілі Мұратханқызы Динара, Өскемен қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар өкілі Кожакметов А. Ж., облыстық маслихат депутаты Смоляков И. А. қатысты.
«Батырлар, алға!»
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылуына 30-жыл толуына орай, «Батырлар, алға!» атты жігіттер эстафетасы өткізілді.
Ерлер клубының мүшелері Қарулы Күштердің құрылу тарихтарымен танысып, қазақ әскерінің даму кезеңдері туралы тифлокомментарийлі бейне көрініс тамашаланды. Сондай ақ танымдық викторина, сайыстарға қатысты.
С юбилеем
ШҚО мәдениет басқармасы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының директоры Гүлнар Қазығайқызы Қадырованы мерейтойымен шын жүректен құттықтайды. Сіздің өмір жолыңыз мейірімді және бақытты болсын, сіздің қызметіңіз жемісті және сәтті болсын!




Бедерлі-нүктелі ғаріпті үйренуші, біздің белсенді оқырманымыз Анна «Ежелгі грек аңыздары» кітапбынан үзінді оқыға талпынуда.



