Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Дәуірдің жарық жұлдызы»
Ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынов. Оның есімі барша оқырман қауымға таныс болғанмен, оның өмірі, ағартушылық жолы туралы кей деректерді біле білмеуі мүмкін. Сонымен қатар биылғы жылы ақынның туылғанына 150 жыл, осының бәрін ескере отырып, бүгін біздің кітапханамызда «Дәуірдің жарық жұлдызы» атты әдеби бейне шолу шарасы өтті.




Халықаралық денсаулық күніне орай «Бәріміз бірге салауатты өмір үшін!» атты шара өтті. Әңгіме - диалог барысында салауатты өмір сүру қағидалары талқыланып, «Денсаулық туралы 5 факті» жұмбақтары шешілді.
«Сен білесің бе?» кітаптар топтамасы бойынша онлайн дауыстап оқудың бүгінгі тақырыбы Отырар қаласы туралы болмақ. Отырар - Қазақстан жеріндегі көне қала. ІХ-Х ғасырларда гүлденген ірі қала және ғылымның орталығы болды.
Кітапханамызда «Қазақстанның рухани қасиетті жерлері» атты сырттай саяхат шарасы өтті. Ырғызбай Ата мазары, Сығанақ қалашығы, Бегім Ана мұнарасы, Қобыланды батыр және Айша-Бибі мазарларына бейне саяхат жасалды.




