Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
Мастерство игры в шашки

Нашар көретін балаларға арналған №14 мектеп – балабақшасы арнаулы кітапхана мамандарын үнемі құшақ жая қарсы алады. Себебі әрбір жаңа кездесу оларға дойбы ойынының жаңа қырын ашады. Балалар түрлі ойын әдістерін үйреніп, бір – бірімен жарысады. Сабақ соңында балаларға жаңадан келген түрлі – түсті, қызықты журналдар таныстырылды.
Как приятно, что ребята из «Комплекс школа-детский сад №14 для слабовидящих детей» с нетерпением ожидают своих друзей из специальной библиотеки для незрячих и слабовидящих граждан. Ведь с каждой новой встречей с их помощью они овладевают все большим мастерством игры в шашки. Как в любом виде спорта, встреча начинается с разминки.
8 марта!

8 наурыз - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі қарсаңында кітапханамызда мерекелік кеш өтті. Аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әндер орындалып, асыл жандарға ізгі тілектер айтылды.
8 Марта – самый красивый, добрый, романтичный праздник всех женщин планеты Земля. Библиотека – она тоже женского рода, умная, добрая, согревающая теплом и заботой каждого читателя. В этот замечательный праздник среди будней из окон твоих звучит музыка, песни, смех, аплодисменты.
«От идеи до реальности»

Бүгін кітапханамызда эко бірлестік және Шығыс Қазақстан облысының іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Елена Николаевна Березинская-Абиловамен «От идеи до реальности» атты Vip-кездесу кеші өтті. Кездесуге ҚЗҚ мүшелері, кітапхананың тұраты оқырмандары мен студенттер қатысты. Өңіріміздің экологиялық мәселелері, кәсіпкерлік іске қатысты сұрақтарға Елена Николаевна жауап берді.
Сегодня в библиотеке состоялась Vip-встреча «От идеи до реальности» с Березинской-Абиловой Еленой Николаевной, председателем Регионального совета деловых женщин Восточно-Казахстанской области, председатель ЭКО объединения. Гостями встречи стали студенты, члены КОС, постоянные читатели библиотеки.
«Барыня Масленица пришла»

Масленица - қысты шығарып салу мен көктемді қарсы алатын ежелгі славян халқының ұлттық мерекесі. Осыған орай кітапханамызда фольклорлық мерекелік кеш өтті. Келген қонақтар түрлі жұмбақтарды шешіп, «Вдохновение» вокальды тобымен бірлесе ән айтып, би биледі. Шара соңында мейрам кезінде міндетті түрде пісірілетін тәтті құймақтар таратылды.
После зимней стужи, морозов и метелей Масленица — один из самых ярких, теплых, любимых и сытных народных праздников. Он ассоциируется с началом весны и изобилием на столе румяных блинчиков. И веселые песни, и скоморохи, и яркие наряды, и загадки – все в этот день закружило и завертело гостей библиотеки от мала до велика, пришедших на фольклорный праздник «Барыня Масленица пришла».




Ғабит Мүсіреповтың 120 жылдығына орай біздің кітапханамыздың «Шамшырақ» үйірмесінде «Қазақ әдебиетінің інжу-маржаны Ғабит Мүсірепов» атты әдеби шара өтті. Бұл іс-шарада жазушының өмірбаянына, шығармашылық жолы, қазақ әдебиетіне қосқан үлесіне шолу жасалды.



