Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
Экскурсия в библиотеку

«Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі» КММ-ң 3 курс студентері үшін кітапханаға саяхат жасалды. Кітапханамыздың барлық залдарын аралаған студенттерді ауқымды форматтағы дыбыс және бедерлі – нүктелі ғаріптегі кітаптар ерекше қызықтырды. Зағиптардың жазуға арналған құралдары, арнаулы дойбы, шахмат, ұлғайтқыш құрылғылармен танысты.
«Сен білесің бе?»
Қазақ елінің тарихы – бай, жері – шежірелі. ШЕЖІРЕ – тарих ғылымындағы халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы. Ол халықтың этникалық құрылымын анықтауға, тұтастығын көрсетуге мүмкіндік беретін төл тарихымыздың нұсқасы, ұлттық рухани мәдениеттің құрамдас бір бөлігі. Шежіренің ішінде аңыз бен шындық та, ертегі мен әпсана да, өнер мен ғылым да бар. «Сен білесің бе?» циклының кезекті онлайн оқылымында, сіздердің назарларыңызға «Шежірелі жерлердің» бірқатарымен танысуды ұсынамыз.
«Рахмет саған, қазақ жері!»

Бүгін зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының акт залында, Алғыс айту күніне арналған «Рахмет саған, қазақ жері!» атты ерекше салтанатты шара өтті. Қонақтарымыз № 25 мектеп – гимназиясының 11-сынып оқушылары, Шығыс Қазақстан облысының Достық үйі - қоғамдық келісім орталығынан келген Неміс диаспорасының өкілі Роот Лидия Генриховна мен «Вайнах» этномәдени орталығының мүшесі Артамонов Владислав Андреевичтің қиын жылдарда еріксіз Қазақ жеріне қоныс аударылған (немістер, шешендер, т.б.) ұлттардың ауыр тағдыры туралы айтқан сөздерін ерекше ілтипатпен тыңдады.
«Балалар әлемінің елшісі»

Биыл 2022 жыл - Балалар жылы деп жарияланған. Осыған орай балалардың қызығушылығын оятып, мазмұның түсініп білуге, ой-өрісін, ойлау қабылетін дамыту мақсатында «Балалар әлемінің елшісі» атты кездесу кеші өтті. Кешке қонақ ретінде «Жоғалған ұйқы» кітабының авторы, филолог, ұстаз, аудармашы ақын, балалар кітабының жазушысы, жерлесіміз Нұғыманова Кәмшат Әбілғазықызы қатысты.
«Біртуар нар тұлғасы қазақтың»

Әдебиет тарихында, ұлттық сөз өнерінде биік жетістіктерге жеткен жазушылар бірі – Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл. «Біртуар нар тұлғасы қазақтың» атты әдеби портретте жазушының өмірі мен шығармашылығы, «Абай жолы» романының жазылу тарихы баяндалды. Мұхтар Әуезовтің сан қырлы талантын ашуға ерекше назар аударылып, тыңдармандар назарына фото көрме арқылы шығармалары таныстырылды.








