Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
Жаңа жыл кітапханада
Ересектер де, балалар да асыға күтетін ең сүйікті және сиқырлы уақыт - Жаңа жыл мерекелері жақындап келеді. Жыл сайын желтоқсан айының соңында кітапханада, бәрі жаңа жылдық көңіл-күймен «тыныс алады». Бұл жолы да біз әдемі шыршаларды безендіріп қана қоймай, сонымен бірге ерекше, жарқын инсталяциялар жасап, аздаған шығармашылық пен көңілділік әкелдік. Кітапхананың оқу залындағы газеттерден жасалған әдемі жаңа жылдық шырша мен терезелердегі қағаз кескіндер- мерекелік, ертегілік атмосфераны тудырады. Сіздерді, біздің оқырмандарымызды, Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймыз! Біз сіздерге жаңа ашылымдар, жаңа қызықты кітаптар, рухани өсу мен жан тыныштығын және барлық армандар мен шынайы тілектердің орындалуын шын жүректен тілейміз!
Жақсы істер жасауға асығыңыз!

Әр бала, қандай жағдайда болмасын, сиқыр мен мереке күтеді. ШҚО кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының балалары сияқты. Біздің кітапхана мен Қазақ зағиптар қоғамының филиалы, Жаңа жыл қарсаңында осы балаларды қолдау мақсатында, «Устинка плюс» газетінің редакциясы іске қосқан «Бумеранг Добра» акциясына қатысуға шешім қабылдады.
«Тифлокешен - зағиптарға арналған танымдық құрал» атты онлайн семинар өтті»

Бүгін кітапханамызда Павлодар облыстық арнаулы кітапхасымен «Тифлокешен - зағиптарға арналған танымдық құрал» атты онлайн семинар. Павлодарлық әріптестеріміз зағиптарға қолдануға арналған заманауи ақпараттық технологияларды қолданудағы тәжірибелерімен бөлісті. Зағиптарға дыбысты кітап жазатын дыбыс жазу студиясының ісі ерекше қызығушылық тудырды.
Обслуживание незрячих и слабовидящих «Книга на дом»
Одним из направлений работы нашей спецбиблиотеки является обслуживание читателей, которые по состоянию здоровья не могут посещать библиотеку. С учетом заявок библиотекарь подбирает необходимую литературу. Приходя на дом, соблюдая все санитарные нормы знакомит читателя с новыми поступлениями, рекомендует литературу.
День Независимости
Еліміздің ең маңызды күні - Тәуелсіздік күні. Бұл күні 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын еске түсірмеу мүмкін емес, өйткені сол күндердің қатысушылары біздің мемлекетіміздің жылнамасына алғашқы жолдарды жазды. Желтоқсан оқиғасына қатысушы Қайрат Рысқұлбековтың есімімен көп нәрсе байланысты. Оның қысқа тағдыры құпияға толы. Ату жазасына кесілген 22 жастағы қазақ жігіттің түрмедегі өлімі әлі күнге дейін талқылануда. Кітапханамыздағы бүгінгі «Қайсар рухты Қайрат» еске алу сағаты - Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлының рухына деген тағзым.








