Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Оқуға апаратын жол»

«Маршрут дайын, алдымызда «Оқуға апаратын жол...» деген сөздермен №25 мектептің үшінші сынып оқушылары үшін кітапты навигатор шарасы өтті. Жол жүру барысында оқушылар кітап бізге не береді, не үшін оқимыз деген сұрақтарға жауап берді. Маршруттың соңында кітапханаға - кітап оқумен бірге ойын ойнап, сурет салып, мультфильм көретін жерге жетті.
«Махаббат пен тазалық патшасы»
Кітапханамызда 15 сәуір - Ғашықтар күніне арналған «Махаббат пен тазалық патшасы» атты әуенді кеш өтті. Кеште ғашық жүректерге шуақ сыйлайтын, мерейлі мерекеге арқау болған Қозы Көрпеш - Баян Сұлудың тағдырынан сыр шертілді. Ерекше оқырмандарымыз махаббат жайлы ән шырқап, тыңдарман қауым көңілінің ажарын ашты. Махаббаттарыңыз баянды болсын!




Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында «Оқу қуанышын сезін» атты библиосағат өткізілді. Қонақта болған №25 мектеп оқушылары кітап оқудың адам дамуына пайдасы туралы ақпараттар алып, «Ертегіні жөнде» ойынына қатысып, әдеби викториналар сұрақтарына жауап берді.
Кітапханамызда жас оқырмандар үшін «Ғажайып елге саяхат» атты әдеби калейдоскоп шарасы өтті. Балалар Әдебиет кейіпкерлері еліне саяхат жасап, Ақындар қаласында өлең жазып, Ертегілер елінде өз оқиғаларын құрастырды. Шарадан өте қызықты әрі танымды ақпараттар алды.




