Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
Шежіре күні
16 наурыз – Шежіре күні. Бұл күні отбасының, ел-жұрттың, жеті атаның тарихы, шежіресі баяндалады. Әр отбасының үлкендері ата-бабаларының жақсы істерін, қуанышты сәттерін кейінгі ұрпаққа әңгімелеп, елдің тарихы, ерлігі баяндайды. Ал, біз оқырмандар назарына «Бата», «Бата беру түрлері» туралы бейнематериалды ұсынамыз.
«Көрісу күні»

Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Наурыз мейрамының тұжырымдамасын жасауды ұсынған болатын. 14 наурыз - Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды.




15 наурыз - Жайлау күніне орай кітапханамыздың зағип оқырмандары Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының оранжереясына саяхат жасады.
Собирайся народ! Широкая масленица идет! Частушками, песнями, припевками встречали своих читателей в специальной библиотеке для незрячих и слабовидящих граждан! Угощали блинами, вкусными и румяными, поили чаем из самовара.



